Нет отзывов, добавить
Союз художников Республики Казахстан
+7 727 273 78 88
+7 727 273 55 53
Корзина

Конкурс на лучший проект памятника Абаю Кунанбаеву в городе Актобе.

Хабарландыру

         Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе қаласында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату үшін ең үздік эскиздік жобаға шығармашылық байқау жариялайды.

         Байқаудың мақсаты – белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік туындыны дүниеге әкелу.

         Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс. Байқауға Қазақстан қалаларының көркемдік-өндірістік шеберханалары, шығармашылық одақтар, заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

Байқаудың жобалық ұсыныстарының тізілімі мен басқа талаптарын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан алуға болады. Байқауға қатысуға өтініш хабарлама жарияланғаннан бастап 30 күнтізбелік күн аралығында конвертке салынып, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының келесі мекен-жайы бойынша қабылданады:  030008, Ақтөбе қаласы, 11 шағын ауданы, құрылыс 112 Е.  Байланыс телефондары: 8 (7132) 24-27-40.