Нет отзывов, добавить
Союз художников Республики Казахстан
+7 727 273 78 88
+7 727 273 55 53
Корзина

Персональная выставка Кульзипы Жуваниязовой

 

Жуваниязова Гүлнар Қуандыққызы

Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ аға ғылыми

қызметкері, өнертану магистрі,

ҚР СО мүшесі

Суретші және көрме

(Қазақстан суретшілерінің жылдық есеп беру көрмесі)

2019 жылдың 12 қараша күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының «Қазақстан суретшілерінің жылдық есеп беру көрмесі бойынша 26 қараша күні өткен дөңгелек үстелінде Қазақстан бейнелеу өнерінің кешегі және бүгінгі жағдайы мен дәрежесі туралы суретшілер мен өнертанушылар (Юфирева Ирина Петровна, Малиновская Елезаветта Григориевна, Ли Камилла Витальевна, Көбжанова Светлана Жұмасұлтанқызы, Мырзабекова Сандуғаш Көпболсынқызы, Жубанова Гүлнұр Алпысбайқызы, Әбілдаева Лаура Орақбайқызы, Жуваниязова Гүлнар Қуандыққызы) өз пікірлерін ортаға салды.

Музей тарапынан ҚР Суретшілер одағының республикалық көрмесіне міне үш жыл қатарынан жетекші болып келем. Жылдан-жылға суретшілеріміз кәсіби деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетіп келеді деп нық айта аламын. Дегенімен, айтып кетер бір мәселе одақ тарапынан болатын мұндай көрмелердің мақсат-міндетті, қойылатын талаптары қатысушыларға алдын ала жарияланады. Өйткені есептік көрме өз тарапында үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл мәселені суретшілердің бірі ескеріп жатса, кейібірі немқұрай қарайды.  Соның салдарынан көптеген суретшілердің туындылары талапқа сай келмеген соң шеттетілді. Мұндағы мәселе бір суретшіні қуантып немесе көңіліне сыза түрсіру емес. Қандай көрме болмасын суретшілер өз кәсібилігі мен дәрежесін суретшілер одағы үшін емес өнер сүйер көрерменіне таныту керек деп ойлаймын.  

Бүгінгі кездесу суретшілер мен өнертанушылардың арасындағы сөз бәйге, не болмаса бір-бірін ақтау немесе даттауға әкелмеу керек. Ондай жағдайлар жиі орын алады. Біздер бір кемедеміз. Сол үшін туындап жатқан мәселені ортаға салып, шешу жолын іздеуді қарастырған абзал. Бұл мәселені көтеріп тұрғаным, бәрімізге белгілі суретшілердің туындыларын көрмеге іріктеу шарасына сурет өнерінің әр саласынан құралған «көрме комитеті мүшелері» сайланып, белгіленген күні өз жұмыстарын бастайтыны. Жыл сайын өзгертіліп отырылатын «көрме комитеті мүшелері» қатарына ҚРСО төрағасы, бірінші хатшы, көрме жетекшісі кірмейді, және олардың дауысы есептелмейді. Жұмыстарды көрмеге іріктеуде суретшінің дәрежесіне емес, оның шығармашылық кәсібилігі, потенциалы, композициялық креативті ой-тұжырымы, жаңалығы және жұмыстың жинақылығы және мерзімі қаралады. Бірақ, өкінішке орай суретшілердің кейбірі бес немесе он жыл бұрын салған, сомдаған, тоқыған туындыларын көрмеге ұсынып жатады. Басты қойылатын талап осы. Осы орайда қиын деп отырғаным суретшілер көрмеге қатысу талабына сай жұмыстарды әкелмей немқұрайлық таныту мәселесі туындауда. Жылдық көрмеге айтарлықтай дайындық уақыты жеткілікті. Әрине оның арасында қатысатын және жеке көрмелер өткізу шарасы жеткілікті. Дегенімен, жыл сайын өтетін есептік көрмеге кедергі болады деп ойламаймын.

Көрмеде кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнер туындылары орын алды. Дәрежесі бар, өз қолтаңбасымен танылған суретшілер қатысы. Экспозицияның бір бөлігін қамтыған кәсіби қолданбалы өнерінен – гобелен (Жуваниязова Күлипа, Жұраева Гүлшәт, Табылдиева Жанат, Қырықбаева Айгүл, Досжанов Бауыржан, Осман-Ахмет Ләйла), кесте (Мұхамеджан Зейнелхан, Қанкелді-Калимова Толқын), киіз (Кабижанова Гүлжанат), шым ши (Баженова Наталиа), тері (кушкон) (Иханова Амангүл, Үмбетов Жәңгір), ағаш (М. Әбілдаев) паннолар, декоративтік композиция (керамика) (Өзбекова Индира), зергерлік (Даубаев Естай) сияқты туындылар қойылды. Айталық киіз өнерінен өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген суретші Кабижанова Гүлжанат (Шеру 2018, Құрылым 2018, Бүтінді іздеу 2019) туындыларында композициялық және коллориттік шешімін динамикалық үндестік пен өзара тұтастықты қарастырған. Сонымен қатар суретші киіз басудың әдіс-тәсілін композиция арқылы айқындайды. Әрбір туындысында жаңашылдық ізденісі бар. Кесте өнерінің дәстүрлі нұсқасын бүгінгі күнде замауи мәнерде танытып жүрген суретші Мұхамеджан Зейнелхан ұлттық мәдениеті, дәстүрді баян ететін «Бүркітші» 2019, «Серуен» 2019 композициялық туындыларымен ерекшеленді.

Экспозицияда композициялық пішіні ерекше «Тәуелсіздік» 2019, «Отан» 2019, «Отырыр» 2019 атты декоративті керамикалық туындысымен Өзбекова Индира кәсіби шеберлігін танытты. Әрбір композициялық шешіміне, мәнеріне және өзінің креативті ой-тұжырымын нақты сомдайтыны байқалады. Сол сияқты зергерлік өнерден суретші Даубаев Естайдың бәйтерек бейнесін алтын-күміспен зерлеп, асыл тастармен көркемдеген «Бәйтерек» 2017 панносы жаңашылдығымен, ал ұлттық зергерлік әшекейлердің бірі – құдағи жүзік, тумар түймелер үлкен формада, яғни интерьерлік туынды ретінде танылды.

Аталмыш көрмеде қолданбалы өнерде тарихымен ерекше гобелен өнері де әртүрлі жанрда орын алды. Айталық Жуваниязова Күлипаның «Ұлттық рух» 2019, Жұраева Гүлшәттің «Ұлы дала желі 2016», Досжанов Бауыржанның «Алаш батыры» 2019, Қырықбаева Айгүлдің «Алғашқы көктем» 2018 және т.б. гобелен туындылары ауқымды тақырыпта, күрделі композициялық шешімде, әсерлі бояу түстерімен  ерекшеленеді.

Кешегі мен бүгінгі кездегі гобелен өнерінің дәрежесі әр заман ағымына қарай өз парқында өркендеп келеді. Дегенімен, бір мәселе туындайды, соны ортаға салсақ. Әрине, әрбір суретшінің тоқу мәнері, коллоритік және композициялық жаңашылығы, тұлғалық қолтаңбасы бар. Бірақ неге әлі кеңестік форматтан шыға алмай жатырмыз. Иә, кешегі кеңестік өнерде гобелен интерьерлік туынды ретінде саналды. Сонымен қатар гобелен монументалды декоративті өнерге жатқызамыз. Бүгін де, ол жалғасып келеді. Бұл жерде айтайын деген ойым шығармашылық пен тапсырыс екеуі екі түрлі түсінік. Гобелен-суретшілер көрмеге шығармашылық композицияларымен қатысу керек деп ойлаймын. Көбінесе топтық көрмеде интерьерлік гобелендер жиі қойылады. Менімен келіспейтін шығарсыздар. Көрме суретшілердің кәсіби шеберлігімен, дәрежесін таныту мақсатта ұйымдастырылады. Осындай мәселені келешекте негізге алып, түсінсек дұрыс болады.  

Екінші мәселе бүгінде суретшілерге, өнертанушыларға жазамын, бейнелеймін, сомдаймын десе тақырып көп, жеткілікті. Суретшілер өз жұмыстарын, өнертанушылар өз жұмыстарын бір-бірімен келісімді атқарса бүгінгі болып жатқан сөз талас болмас па еді. Өнертанушыларды суретшілермен байланыстыратын – ол көрме. Сондықтан да, осындай қазақстандық суретшілердің дәрежесі жоғары көрме өтіліп жатса еліміз, өнеріміз, мәдениетіміз үшін үлкен жетістік. Заман қандай серпілісімен келсе де суретшілер қамықпаған халық, рас емес пе.

«Суретші»-деген кім? Суретшi – жаңалықтың, сонылықтың үлгiсi. Ол жыршы. Сондай-ақ уақыт пен кеңістік болмысын уағыздаушы. Заман ағымына қарай суретшi ненi болсада жаңа беттен бастайды емес пе. Ол – абсолюттiк жаңалықты жасаушы десек қате болмас. Мiне, суретшілер өнердiң басталу қайнар көзiн зерттеп көнеге, қарапайым дүниеге жан бітірушілер. Сондықтан суретшілер өз заманының куәгері ретінде ой-түйсіктерін көрермендерге дер кезінде жеткізуге ұмтылады.

Көрме жетекшісі ретінде өнердің барлық саласынан құрылған және әрқырлы жанрлардан тұратын экспозицияда әрбір туынды көрерменнің назарынан тыс қалмауын қарастырдық. Биылғы көрменің ерекшелігі қазақстанның әрбір өңірінен қатысқан (Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Өскемен) 130 суретші өз белсенділіктерін танытып, осы есептік көрмеде аға буыннан бастап із басар жас суретшілердің өмірлік және шығармашылық тәжірибесін, ішкі әлемін, өзіндік тұлғалық мәнерін, тәсілдерін айқындауға және танып білуге мүмкіндік берді. Суретшілердің шығармашылық туындылары ұлттық тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптейтін, бүгінгі таңдағы әлеументтік тақырыпта сыр шертілген туындылар сезім мен әсерге ендіре, ой-сананы сан тарапқа жетелейді. Қоршаған ортаның тепе-теңдік үйлесімділгі, аңыз бен көне тіршілік тылсымы, бүгінгі қала мен дала өмір тынысы, оның атмосферасы сияқты тақырыптық композиция бойынша өздерінің креативті ойларын бүкпесіз бейнелеп, сомдап өз потенциалдарын  көрсетті.