Нет отзывов, добавить
Союз художников Республики Казахстан
+7 727 273 78 88
+7 727 273 55 53
Корзина

УСТАВ

1997 жылдың 22 шілдесіндегі

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының

  ХIII Съезі  бекіткен

өзгертулермен  және толықтырулармен бірге

 

1998 жылдың 9 қазанындағы

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының

  ХIV Съезі  бекіткен

өзгертулермен  және толықтырулармен бірге

 

2004 жылдың  30 маусымындағы

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының

  ХV Съезі  бекіткен

өзгертулермен  және толықтырулармен бірге

 

2004 жылдың 27 тамызындағы

 Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының

  15-1 Съезі  бекіткен

өзгертулермен  және толықтырулармен бірге

 

2009 жылдың 23 сәуіріндегі

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының

  ХVI Съезі  бекіткен

өзгертулермен  және толықтырулармен бірге

 

 

 « ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  СУРЕТШІЛЕР  ОДАҒЫ»

ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІГІНІҢ

ЖАРҒЫСЫ

 

Алматы қ.

1.ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. «Қазақстан Республикасының суретшілер одағы» Қоғамдық Бірлестігі (мәтін  бойынша  әрі  қарай - «Одақ») – мүдделердің бірлігі және  мүшелердің  тең  құқықтығы,  жариялылық  және  өзін-өзі  басқару қағидаларының  негізінде  құрылған  кәсіби  суретшілер мен  өнер  зерттеушілерінің  ерікті  қоғамдық  бірлестігі.

1.2. Одақ  заңды  тұлға  болып  табылады,  оқшауланған   мүлікке  ие  болады,  дербес  балансы,  мөрі  және  басқа  да деректемелері  бар. Жарғының,  ҚР  Конституциясының  және  заңнамасының  негізінде  әрекет  етеді.

1.3. Ресми  толық  атауы:

-          қазақ  тілінде «Қазақстан Республикасының суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі.

-          орыс тілінде: Общественное Объединение «Союз художников Республики Казахстан».

1.4. Одақтың  қызметі  Қазақстан Республикасының  аумағында  таралады.

1.5. Одақтың  орналасқан  жері: 050091, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 92.

 

2. ҚЫЗМЕТТІҢ  МАҚСАТТАРЫ  МЕН  МӘНІ

 

2.1. Одақтың мақсаты – Қазақстанның  көпұлттық  мәдениетінің жалпы аясында  бейнелеу  өнерін дамыту,  Одақтың  мүшелерінің  шығармашылық құқықтарын  қорғау,  олардың рухани  деңгейін  және  материалдық  әл-ауқатын  көтеру.

2.2. Қызметтің  негізгі  мәні:

Ұлттық және әлемдік мәдениеттің игілігі болып табылатын көркем мұраны қорғау  және  сақтау; Қазақстанның көрнекті суретшілерінің есімдерін мәңгілік есте қалдыру.

Кәсіби  өнер мен  өнерді  зерттеудің  дамуына,  суретшілер мен  өнер  зерттеушілерінің  мүдделерін  біріктіруге  көмек көрсету.

 

3. ҚҰҚЫҚТАР  МЕН МІНДЕТТЕР

 

3.1.  Қолданыстағы  заңнаманың  аясында  Одақтың  келесілерге  құқығы  бар:

♦ Баспа  қызметін  іске  асыруға;

♦ Қазақстан Республикасында  да,  шетелде  де  жылжитын  және  жылжымайтын  мүлікті  салуға,  сатып  алуға,  иеліктен  шығаруға,  жалға  алуға және  беруге;

♦ Даму,  материалдық  көтермелеу  қорын  және  басқа да  қорларды  құруға;

♦ Несие-банк  мекемелерінен  және  жеке  тұлғалардан  қаржылық  көмек,  соның  ішінде  валюталық көмек  және  несиелер алуға;

♦ Одақтың ішінде атақтар, сыйақылар, лауреаттықтар және өзге де  номинациялар  құруға, Одақтың мүшелерін ҚР-ның атақтарына, мемлекеттік  сыйақыларға  және  наградаларына  ұсынуға;

♦ Халықаралық  коммерциялық  емес,   үкіметтік  емес  ұйымдарға  кіруге;

♦ Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлік қызметтерді іске асыруға;

3.2. Одақтың  міндеттері:

♦ ҚР  заңнамасы  мен  Одақтың  Жарғысын  орындау.

 

4. ОДАҚТАҒЫ  МҮШЕЛІК

 

4.1. Суретшілер  одағының Жарғысын  мойындайтын,  дербес  шығармашылық  маңызы  бар  және   көпшілік  таныған жоғары  кәсіби  көркем  шебер  туындылар  жасаған суретшілер мен өнер зерттеушілері Суретшілер одағының  мүшелері  бола  алады.

Ерекшелік  ретінде,  өзінің  шығармашылығында  ұлттық мәдениеттердің  шынайы  халық  дәстүрлерін  сақтайтын  және  дамытатын көрнекті  халық  шеберлері Суретшілер одағының  мүшелері қатарына  қабылдана  алады.

4.2. Суретшілер одағы  мүшелерінің  қатарына  қабылдауды  Суретшілер одағының  Басқармасы жылына бір рет іске асырады, оның шешімі түбегейлі шешім болып табылады:

а) суретшіер үшін - Суретшілер одағы шығармаларды көрсету мақсатында  ұйымдастыратын үміткерлердің көрмесінде олардың шығармаларын  көрсетудің  негізінде   және республикалық, шетелдік  көрмелерге  қатысудың  табысты  нәтижелерін  ескеру  негізінде;

б) негізгі  шығармалары  үміткерлердің  көрмелеріне  қойыла  алмайтын  суретшілер үшін (монументалдық  өнер,  театр  және  кино  суретшілерінің  өнері,  сәндік-қолданбалы  өнердің сәулет-көркем  және  мұражай-көрме  ансамбльдеріне,  өнеркәсіпке байланысты бірқатар түрлері және т.б.) - шығармашылық  еңбектің  нәтижелерін  олардың  тұрған  жерінде  қарау  және  бағалаудың  негізінде;

в) өнер зерттеушілері үшін - олардың өнер зерттеу еңбектерін зерттеудің,  рецензиялаудың  және  талқылаудың  негізінде.

ҚР Суретшілер одағына қабылдаудан бас тартақаны үшін  Суретшілер  одағының  кезекті  Съезінде  шағымдануға  болады.

4.3. Қабылдаған  кезде  суретші Одақтың  өтілі  бес  жылдан  кем  емес  үш  мүшесінің  ұсыныстарын  береді.  Одақтың ұсыныстарды  беретін  мүшелеріне  өздері  ұсынатын  тұлға  үшін  моральдық  жауапкершілік жүктеледі.

4.4. Суретшілер одағына  қабылданған тұлғалар  кіру  жарнасын төлейді  және жүйелі  түрде, көлемін  Суретшілер  одағының  Басқармасы  белгілейтін,  мүшелік  жарналарды  төлейді.

4.5. Одақ  мүшелерінің  келесілерге  құқығы  бар:

♦ Одақтың  басшы  органдарын  сайлауға  және  сайлануға;

♦ Өздерінің  еңбектерін қазылар алқасыз  қоюға, жариялауға  және  сатуға;

♦ Одақтың қызметі туралы толық ақпарат алуға.  Шешім  қабылдағанға  дейін,  мәселелерді  қоюға  және  талқылауға;

♦ Одақтан көрсететін шығармашылық,  заң  және  әлеуметтік  көмектің  барлық  түрлерін  пайдалануға;

♦ Өзінің  шығармашылығын  және  Одақтағы  қызметін  талқылаған  кезде  қатысуға.

4.6. Одақтың  мүшелері  келесілерге  міндетті:

♦ Одақтың  Жарғысын  орындауға;

♦ Одаққа  моральдық  және  материалдық  зиян келтірген жағдайда  ҚР  заңнамасына  сәйкес  жауап  беруге.

4.7. Суретшілер  одағының мүшелігінен  шығару  келесі  жағдайларда  жүргізіледі:

а) Суретшілер одағының  мүшесі  Суретшілер одағының  Жарғысында  тұжырымдалған  қағидаларды бұзған және оның қызметі Суретшілер одағының мақсаттары мен міндеттеріне  сәйкес  келмеген жағдайда;

б) Суретшілер  одағына  материалдық  және моральдық  зиян  келтіретін  және  беделіне  дақ  түсіретін  қоғамға  қарсы  сипаттағы  іс-әрекеттерді  жасаған жағдайда, ҚР  баспасөз  бетінде  және  құқық  қорғау  органдарында Суретшілер одағының  сайланған органдарын   құқық  бұзушылықтарды  жасады  деп  негізсіз  айыптағаны  үшін;

в) 1 (бір)  жылдан  астам  уақыт ішінде  мүшелік  жарналарды  төлемеген жағдайда;

г) өз  тілегі бойынша.

Суретшілер одағынан  шығару  туралы  шешімді облыстық  филиалдың  суретшілер жиналысының  немесе Суретшілер  одағы  Секретариатының,   Суретшілер  одағының  Ардагерлер  кеңесімен келісілген шешімі  ұсынылғаннан кейін, Суретшілер  одағының  Басқармасы  қабылдайды.

Суретшілер одағынан шығару туралы шешімге Суретшілер одағының кезекті  Съезінде  шағымдануға  болады.

 

5. ОДАҚТЫҢ  ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ  ЖӘНЕ БАСҚАРУ  ОРГАНДАРЫ

 

5.1. Одақтың  ұйымдық  құрылымын  құрылымдық бөлімшелер (филиалдар)  құрайды.

Құрылымдық бөлімше Одақтың кем дегенде он мүшесінің бастамасы бойынша  құрылады.

Филиалдарда  заңды  тұлғаның  құқығы  жоқ, Одақтың  мүлкінен  бөлек  мүлкі  жоқ.

Филиалдар  Филиалдар туралы  ереженің  негізінде  әрекет  етеді.

Филиалдардың басшылары филиалдың жалпы жиналысында Ережеде белгіленген  мерзімге  сайланады.

Одақ  пен  оның  құрылымдық  бөлімшесінің  арасындағы  өзара  қарым-қатынастар  Одақтың  Жарғысына  және  Филиалдар  туралы  ережеге  сәйкес  құралады.  Филиалдың  құқықтары  мен міндеттерін,  басқару  органдарын  қалыптастырудың  тәртібін,  олардың уәкілеттерінің  мерзімдерін  және құзіреттерін Филиалдар  туралы  ереже  анықтайды.

Мүдделердің  бірлігіне  байланысты Суретшілер одағының  заңды тұлға  ретінде тіркелген  құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынастарды Одақ шарттық негізде  қалыптастырады.

5.2. Одақтың  жоғарғы  органы Съезд  болып табылады және  ол,  қажет болған  жағдайда,  бірақ  төрт жылда  бір  реттен кем  емес  шақырылады.  Съезде  өкілдік  ету  Басқарма  бекіткен  тәртіпте  және мерзімде  Одақ  мүшелері  сайлаған  делегаттармен  жүзеге  асырылады.  Кезектен тыс  Съезд  Басқарма  бастамасымен  немесе  Одақ  мүшелерінің  1/3 бөлігінің талап етуімен  екі айдан кем  емес  уақытта  шақырылуы  керек.

5.3. Делегаттардың  саны 2/3 бөлігі  бар  болған  кезде,  Съезд  құқықты  болады.  Шешім  қатысып отырғандардың  қарапайым  көпшілігімен  қабылданады.  Дауыс  беру түрін  Съезд анықтайды.

5.4. Съездің  ерекше  құзіретіне  келесілер жатады:

♦ Одақтың құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шешімді қабылдау;

♦ Одақты еркін түрде қайта құру мен тарату туралы шешімді қабылдау;

♦ Одақтың  құзыретін, ұйымдық құрылымын, құру тәртібін және басқарушы органының өкілетін тоқтатуды анықтау;

♦ Атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртібі мен мерзімін, сонымен қатар бақылау органының тексеруін өткізу тәртібін және оның нәтижелерін бекітуді анықтау;

♦ Одақтың заң актілерінде белгіленген шекте басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруы немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;

5.5. Съезд аралығында  Одақтың басқарушы  органы  болып 4 (төрт) жыл  мерзімге  сайланатын  Басқарма  танылады,  ол:

♦ Одақтың және атқарушы органның (Секретариат) қызметін жүзеге асырады, Секретариат  және  Басқарма мүшелерінің  есептерін  тыңдап, бекітеді;

♦ Съезд шақырымының  тәртібін  және  мерзімін  бекітеді;

♦ Басқарма Төрағасы мерзімінен бұрын қызметін босатқан жағдайда Басқарма  Төрағасының  құзіреті  Төрағаның бірінші  орынбасарына өтеді, ол  қызметін  келесі  съезге  дейін  орындайды;

♦ Басқарманың  Пленумы (отырысы)  қажет  жағдайда,  бірақ  бір  жылда  екі  реттен  кем  емес   шақырылады.

♦ Суретшілер одағы Басқармасының  жанында  кеңесші  орган – Суретшілер одағының  Ардагерлер кеңесі  құрылады.

5.6. Одақтың  атқарушы  органы  Секретариат болып табылады,  оның  құрамы  Одақ  Төрағасының  ұсынысы  бойынша  қалыптастырылады  және  Басқарма  бекітеді.

5.7. Одақтың  Төрағасын  Съезд  Басқарманың  уәкілеттер мерзіміне  сайлайды, ол:

♦ Мемлекеттік,  қоғамдық  және  басқа  да  ұйымдарда  Одаққа  өкілдік  етеді;

♦ Бірінші  қол қою құқығына  ие  болады  және бұйрықтар шығарады;

♦ тек  Секретариаттың және  бақылау- тексеру комиссиясының жазбаша келісімімен  ғана  Одақтың ақша  қаражаттарына  билік  жүргізеді;

♦ Басқарманың  әрбір  Пленумында және  Съезде  есеп  береді;

♦ Одаққа  келтірілген материалдық  және моральдық зиян үшін  заңнамаға  және  Одақтың  Жарғысына сәйкес  жауап  береді.

Жер,  жылжымайтын мүлік,  несиелер,  жалдау және  т.б.  туралы  барлық  ірі  сұрақтарды  тек Суретшілер одағы  Басқармасының Пленумының келісімімен ғана, мүліктік  сұрақтарды тек  Съездің  келісімімен  ғана  шешеді.

5.8. Бақылау-тексеру комиссиясы - Одақтың тәуелсіз органы, тек  Съезге  ғана  есеп  береді.  Одақ  басшылығының шешімдерінің Жарғыға сәйкес болуы үшін жауап  береді,  Одақтың  қаржы-шаруашылық  қызметін тексеруді  іске  асырады.

 

6. ОДАҚТЫҢ  ҚАРАЖАТТАРЫ  МЕН МҮЛКІ

 

6.1. Одақтың  қаражаттары  келесілерден  құралады:

♦ Кіру және  ерікті  жарналардан,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  жәрдем  ақыларынан;

♦ Көрме-сатулардан,  бәсеке  саудалардан,  лотереялардан,  өндірістік-шаруашылық  және  баспа  қызметінен түскен  түсімдерден;

♦ Заңнама  тыйым  салмаған  өзге де қызмет түрлерінен.

6.2. Одақ оның  балансында  тұрған  не  заңды  түрде  түскен  және  Жарғы  қарастырған  қызметті  материалдық  қамтамасыз ету  үшін  қажетті  барлық  мүліктің  меншік  иесі  болып табылады. Одақтың мүлкі және қаражаттары жарғылық мақсаттар үшін  пайдаланылады  және  ҚР  заңнамасымен  қорғалады

 

7. ОДАҚТЫҢ  ЖАРҒЫСЫНА  ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН  ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУДІҢ  ТӘРТІБІ

 

7.1. Одақтың Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар Одақтың мүшелері мен  Басқарманың  ұсынысы  бойынша,  Басқармаға  өтініш  беру  арқылы  енгізіледі және  кезекті (кезектен  тыс) Съезд  бекітеді  не  бас тартады.

7.2. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Съездің ерекше құзіреті болып табылады.

 

8. ОДАҚТЫҢ  ҚЫЗМЕТІН  ТОҚТАТУ

 

8.1. Одақтың  қызметі Съездің  не  сот  органдарының  шешімі  бойынша  Одақты  қайта  ұйымдастыру не  тарату  арқылы  тоқтатылады.

8.2. Тарату туралы шешімді Съезд делегаттардың 2/3 бөлігін құрайтын басым  көпшілікпен  қабылдайды.  Қайта  ұйымдастырған кезде  баланстық,  ал  таратқан  кезде  тарату  комиссиясы  құрылады.

Қайта  ұйымдастыру  ҚР  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  іске асырылады.

8.3. Одақтың мүлкі мен қаражаттары барлық есеп айырысулардан кейін  жарғылық мақсаттарға  бағытталады.

 

«Қазақстан Республикасының суретшілер одағы»

Қоғамдық  Бірлестігінің  Төрағасы _______________________Өмірбеков Б.К.

 

С изменениями и дополнениями,

Утвержденными ХIII Съездом

Союза Художников

 Республики Казахстан

 от 22 июля 1997г.

 

С изменениями и дополнениями,

Утвержденными ХIV Съездом Союза

 художников Республики Казахстан

от 9 октября 1998г.

 

С изменениями и дополнениями,

 утвержденными ХV Съездом Союза

 художников Республики Казахстан

от 30 июня 2004 года

 

С изменениями и дополнениями,

 утвержденными 15-1 Съездом Союза

 художников Республики Казахстан

от 27 августа 2004 года

 

С изменениями и дополнениями,

 утвержденными ХVI Съездом Союза

 художников Республики Казахстан

от 23 апреля 2009 года

 

 

                                                                                                                          

УСТАВ ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ «СОЮЗ ХУДОЖНИКОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

                                                                                                                               

г. Алматы

 

1.ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

 

1.1. Общественное Объединение «Союз художников Республики Казахстан»       (далее по тексту «Союз») - добровольное общественное объединение профессиональных художников и искусствоведов, созданное на основе общности интересов и принципов равноправия членов, гласности и самоуправления.

1.2. Союз является юридическим лицом, обладает обособленным имуществом, имеет самостоятельный баланс, печать и другие реквизиты. Действует на основе Устава, Конституции и законодательства РК.

1.3. Официальное полное наименование:

-          на казахском языке «Қазақстан Республикасының суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі.

-          на русском языке: Общественное Объединение «Союз художников Республики Казахстан».

1.4. Деятельность Союза распространяется на территории Республики Казахстан.

1.5. Место нахождение Союза: 050091, г.Алматы, Алмалинский район, ул.Панфилова, 92.

 

2. ЦЕЛИ И ПРЕДМЕТ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

 

2.1. Цель Союза – развитие изобразительного искусства в общем плане многонациональной культуры Казахстана, защита творческих прав членов Союза, подъем их духовного уровня и материального благосостояния.

2.2. Основной предмет деятельности:

♦ Защищать и сохранять художественное наследие, являющееся достоянием национальной и мировой культуры, увековечить память выдающихся художников Казахстана;

♦ Содействовать развитию профессионального искусства и искусствоведения, объединению интересов художников и искусствоведов.

 

3. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ

 

3.1. Союз в рамках действующего законодательства имеет право:

♦ Осуществлять издательскую деятельность;

♦ Приобретать, отчуждать, брать и сдавать в аренду движимое и недвижимое имущество, как в Республике Казахстан, так и за рубежом;

♦ Создавать фонд развития, материального  поощрения и другие фонды;

♦ Получать финансовую помощь, в том числе валютную и кредиты от кредитно-банковских учреждений и частных лиц;

♦ Учреждать внутри Союза звания, премии, лауреатства и иные номинации, выдвигать членов Союза на звания, государственные премии и награды РК;

♦ Вступать в международные некоммерческие, неправительственные организации;

♦ Осуществлять предпринимательскую деятельность постольку, поскольку это служит достижению уставных целей.

3.2. Союз обязан:

♦ Соблюдать законодательство РК и Устав Союза.

 

4. ЧЛЕНСТВО В СОЮЗЕ

 

4.1. «Членами Союза художников могут быть художники и искусствоведы, признающие Устав Союза художников, создавшие произведения высокого профессионального художественного мастерства, которые имеют самостоятельное творческое значение и получили общественное признание.

В порядке исключения, в члены Союза художников могут быть приняты выдающиеся народные мастера, сохраняющие и развивающие в своем творчестве подлинно народные традиции национальных культур.

4.2. Прием в члены Союза художников осуществляет Правление Союза художников один раз в год, решение которого является окончательным:

 

а) для художников – на основе показа их произведений на организуемой для этой цели Союзом художников выставке претендентов и с учетом успешного результата участия на республиканских и зарубежных выставках;

 

б) для художников, чьи основные произведения не могут быть экспонированы на выставках претендентов (монументальное искусство, искусство художников театра и кино, некоторые виды декоративно-прикладного искусства, связанные с архитектурно-художественными и музейно-выставочными ансамблями, с промышленностью и т.д.) – на основе просмотра и оценки результатов творческого труда на месте;

 

в) для искусствоведов  - на основе изучения, рецензирования и обсуждения их искусствоведческих работ.

Отказ в приеме в члены Союза художников РК может быть обжалован на очередном съезде Союза художников».

 

4.3. При приеме художник предоставляет рекомендации трех членов Союза со стажем не менее пяти лет. Члены Союза, дающие рекомендации, несут моральную ответственность за лицо, которое рекомендуют.

4.4. Лица, принятые в Союз художников, уплачивают вступительный взнос и регулярно платят членские взносы, размер которых устанавливает Правление Союза художников. Члены Союза художников, достигшие пенсионного возраста, оплачивают 50 % от размера членского взноса.

4.5. Член Союза имеет право:

♦ Избирать и быть избранным в руководящие органы Союза;

♦ Экспонировать, публиковать и реализовывать свои работы без жюри;

♦ Получать полную информацию о деятельности Союза. Ставить и обсуждать вопросы до принятия решения;

♦ Пользоваться всеми видами творческой, юридической и социальной помощи от Союза;

♦ Присутствовать при обсуждении своего творчества и деятельности в Союзе.

4.6. Член Союза обязан:

♦ Соблюдать Устав Союза;

♦ При нанесении морального и материального ущерба Союзу отвечать соответственно законодательству РК.

4.7. Исключение из Союза художников производится в случаях:

а) нарушения членом Союза художников принципов, сформулированных в Уставе Союза художников, и несоответствия его деятельности целям и задачам Союза художников;

 

б) совершения поступков антиобщественного характера, наносящих материальный и моральный ущерб и компрометирующих Союз художников, за необоснованные обвинения избранных органов Союза художников в совершении правонарушений, в печати и правоохранительных органах РК;

 

в) неуплаты членских взносов на протяжении более 1 (одного) года;

 

г) собственного желания.

 

Решение об исключении из Союза художников принимается Правлением Союза художников по представлению решения собрания художников областного филиала или Секретариата Союза художников, согласованного  с Советом ветеранов Союза художников.

Решение об исключении из Союза художников может быть обжаловано на очередном съезде Союза художников.

 

5. ОРГАНИЗАЦИОННОЕ СТРОЕНИЕ И ОРГАНЫ УПРАВЛЕНИЯ СОЮЗА

 

5.1. Организационную структуру Союза составляют структурные подразделения (филиалы).

Структурное подразделение создается по инициативе не менее десяти членов Союза.

Филиалы не обладают правом юридического лица, не имеют имущества, отделенного от имущества Союза.

Филиалы действуют на основании Положения о филиалах.

Руководители филиалов избираются на общем собрании филиала, сроком, отделенным в Положении.

Взаимоотношения между Союзом и его структурным подразделением строятся в соответствии с Уставом Союза и Положением о филиалах. Права и обязанности филиала, порядок формирования органов управления, сроки их полномочий и компетенции определяются Положением о филиалах.

Со структурными подразделениями Союза художников, зарегистрированными как юридические лица, Союз, в силу общности интересов, строит отношения на договорных основах.

5.2. Высшим органом Союза является Съезд, созываемый по мере необходимости, не реже одного раза в четыре года. Представительство на Съезд осуществляется делегатами, избираемыми членами Союза в порядке и в сроки, которые устанавливает Правление. Внеочередной Съезд может быть созван по инициативе Правления или по требованию 1/3 от общего числа членов Союза, не позднее двух месяцев.

5.3. Съезд правомочен при наличии 2/3 от числа делегатов. Решение принимается простым большинством присутствующих. Форму голосования определяет Съезд.

5.4. К исключительной компетенции Съезда относится:

♦ принятия, внесения изменений и дополнений в учредительные документы Союза;

♦ добровольной реорганизации и ликвидации Союза;

♦ определение компетенции, организационной структуры, порядка формирования и прекращения полномочий органов управления Союза;

 

 

♦ определения порядка и периодичности представления финансовой отчетности исполнительных органов, а также порядка проведения проверки контрольным органом и утверждения их результатов;

♦ принятия в пределах, установленных законодательными актами, решения об участии Союза в создании или деятельности других юридических лиц, а также своих филиалов и представительств.

5.5. Руководящим органом Союза между Съездами является Правление, избираемое сроком на 4 (четыре) года, которое:

♦ Осуществляет деятельность Союза и его исполнительного органа (Секретариата), заслушивает и утверждает отчеты Секретариата и всех членов Правления;

♦ Определяет сроки и порядок созыва Съезда;

♦ В случае досрочного прекращения Председателем Правления своих полномочий обязанности Председателя Правления переходят к первому заместителю Председателя, который их исполняет до проведения очередного Съезда;

♦ Пленум (заседания) Правления собираются по мере необходимости, но не реже 2 раз в год.

♦ При Правлении Союза художников создается совещательный орган – Совет ветеранов Союза художников.

5.6. Исполнительным органом Союза является Секретариат, состав которого формируется по представлению Председателя Союза и утверждается Правлением.

Секретариат осуществляет все текущее руководство Союзом в период между заседаниями Правления.

5.7. Председатель Союза избирается Съездом на срок полномочий Правления:

♦    Представляет Союз в государственных, общественных и других организациях;

♦    Обладает правом первой подписи и издает приказы;

♦ Распоряжается денежными средствами Союза только с письменного согласия Секретариата и контрольно-ревизионной комиссии;

♦ Отчитывается на каждом Пленуме Правления и на Съезде;

♦ За материальный и моральный ущерб, нанесенный Союзу, отвечает в соответствии с законодательством и Уставом Союза.

Все крупные вопросы о земле, недвижимости, кредитах, аренде и т.п. решает только с согласия Пленума Правления Союза художников, имущественные вопросы только с согласия Съезда.

5.8. Контрольно-ревизионная комиссия – независимый орган Союза, подотчетный только Съезду. Отвечает за соответствие Уставу решений руководства Союза, осуществляет проверку финансово-хозяйственной деятельности Союза.

 

6. СРЕДСТВА И ИМУЩЕСТВО СОЮЗА

 

6.1. Средства Союза образуются:

♦ Из вступительных и добровольных взносов, пожертвований физических и юридических лиц;

♦ Из поступлений от выставок-продаж, аукционов, лотерей, от производственно-хозяйственной и издательской деятельности;

♦ От других видов деятельности, не запрещенной законодательством.

6.2. Союз является собственником всего имущества, находящегося или законно поступившего к нему на баланс и необходимого для материального обеспечения деятельности, предусмотренной Уставом. Имущество и средства Союза используются для уставных целей и охраняются законодательством РК.

 

7. ПОРЯДОК ВНЕСЕНИЯ ИЗМЕНЕНИЙ И ДОПОЛНЕНИЙ В УСТАВ СОЮЗА

 

7.1. Изменения и дополнения в Устав Союза вносятся по предложению членов или Правления Союза путем подачи заявления в Правление и утверждаются или отвергаются очередным (внеочередным) Съездом.

7.2. Внесение изменений и дополнений в Устав является исключительно компетенцией Съезда.

 

8. ПРЕКРАЩЕНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СОЮЗА

 

8.1. Деятельность Союза прекращается путем реорганизации или ликвидации Союза по решению Съезда или судебных органов.

8.2. Решение о ликвидации принимается Съездом квалифицированным большинством в 2/3 делегатов. В случае реорганизации создается балансовая, при ликвидации – ликвидационная комиссия.

Реорганизация осуществляется в соответствии с действующим законодательством РК.

8.3. Имущество и средства Союза, после всех расчетов, направляются на уставные цели.

 

Председатель Общественного Объединения

«Союз художников Республики Казахстан» Уморбеков Б.Е.